Әрбір тапсырма орындалуымен құнды - БҚО әкімі аппаратының басшысы А.Дәулетжанов
ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімдігі күнделікті жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің актілерінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілерінің, сондай-ақ орталық министрліктер мен ведомстволар басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың дер мерзімінде және тиісті дәрежеде орындалуын ұйымдастыруға баса назар аударып келеді.
Осыған орай атқарылып отырған жұмыстарды БҚО әкімі аппаратының басшысы Аманкелді Дәулетжанов былайша әңгімелеп берді.
«Қызметті жүзеге асыру барысында ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Актілер мен тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Жарлығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін және облыс әкімдігінің регламентін басшылыққа аламыз», - деді ол.
Облыс әкімдігі 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары мазмұндалған 1081 құжатты бақылауға алды, оның ішінде 990-ы уақтылы орындалды. Қалған 91 құжат орындалу сатысында. Кешіктіріліп орындалған тапсырма жоқ.
Тапсырмалардың барлығы сапалы және уақтылы орындалды.
Жоғарыда аталған жұмыс нәтижелері облыс әкімі аппаратының жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларын, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау кезінде тиімді және жемісті жұмыс жасағандығын дәлелдейді.
Облыс әкімінің аппараты жыл сайын облыс әкімі мен оның орынбасарларының қатысуымен
бақылау және атқарушылық тәртіптің сапасын арттыру жөнінде аппараттық кеңестер мен семинарлар, соның ішінде аудандарда көшпелі кеңестер өткізіп келеді. Атап айтқанда, өткен жылы барлық аудандарда үздік ауылдар мен ауылдық округтер негізінде семинар-кеңес өткізілді.
Әкімдік қызметкерлерінің жұмыс істеу стилі мен әдістерін жетілдіру, атқарушылық тәртіпті одан әрі жақсарту, өзекті мәселелерді тез арада шешуді ұйымдастыру, халыққа құқықтық және әдістемелік көмек беру мақсатында аудандар мен Орал қаласының барлық округтерінде Әкім күні өткізіледі. 2010-2011 жылдары өткізілген Әкім күндерін талдау, бұл іс-шараның жергілікті билікті халықпен жақындастыра түсуге ықпал ететінін көрсетіп берді. Мұндай тәжірибе алмасу түрі күнделікті қызметті жүзеге асыру барысында нормативтік-құқықтық және әдістемелік негіздерді нығайтуда айтарлықтай ынталандыру бола білді.
Атқарушылық тәртіптің кепілі жүйелі бақылау болып табылады.
Облыс әкімінің аппараты жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын ұдайы бақылауға алады.
Облыс әкімі аппаратында әр бейсенбі Бақылау күні болып белгіленген. Бұл күні бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы алдын ала талдау жасалады. Бақылау күні әр қызметкер «Lotus Notes» электронды деректер қорында жұмыс істеп, бақылау құжаттары және орындалған құжаттар бойынша карточкаларды толтырады, бақылау секторы осының негізінде тапсырмалардың орындалуы жөнінде қорытындылар шығарады немесе анықталған кемшіліктерді жою туралы қосымша шаралар алу жөнінде ұсынбалар береді. Бақылау құжатын орындау мерзімі аяқталуға 10 күн қалғанда орындаушыға еске салу жолданады.
Сапасыз орындалған құжаттар бойынша анықтама облыс әкімі аппараты жанынан арнайы құрылған атқарушылық тәртіпті нығайту жөніндегі комиссияға жедел шаралар алу үшін ұсынылады.
Жыл сайын атқарушылық тәртіп туралы мәселе облыс әкімі немесе оның орынбасарлары деңгейінде қаралып, тиісті шаралар алынып тұрады.
Бақылау жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру, осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту мақсатында облыстық басқармалар мен департаменттердің бақылау жұмысына жауапты тұлғалары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінде тағылымдамадан өтеді.
Облыс әкімі аппаратының мамандары облыстық басқармалардың, аудандар мен Орал
қаласы әкімдері аппараттарының мамандарына практикалық және әдістемелік көмек көрсетіп, атқарушылық тәртіптің сақталуына тексеру жүргізеді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша аппараттық оқу өткізіліп, облыстық басқармалар мен әкімдіктерде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар беріледі.
Бақылау қызметінің маңызды бағыттарының бірі азаматтардың арыз-өтініштерімен жұмыс болып табылады.
2011 жылы облыс әкімі аппаратына 2829 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті. Орал қаласы, Зеленов, Бөрлі және Қаратөбе аудандары тұрғындарынан келіп түскен хаттар мен өтініштер саны өсіп отыр.
«Айта кету керек, бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды, себебі олар өздерін толғандырған проблемаларды билік органдары әділ шешеді деп үміттенеді. Сондықтан біз хат иесіне көмек қолын созуға, мәселені оңды шешу мүмкін болмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсінік беруге немесе проблеманы шешудің басқа да жолдарын ұсынуға тырысамыз.
Облыс әкімінің аппараты бақылау жүйесін, электрондық құжат айналымы жүйесін жаңарту және жетілдіру, атқарушылық тәртіпті нығайту жөніндегі шаралар алуды жалғастыратын болады», деп түйіндеді ойын А.Дәулетжанов.