Әрбір үшінші петерборлық биылдың өзінде оң өзгерістерді сезінетін болады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Әрбір үшінші петерборлық оң өзгерістерді биылдың өзінде сезіне бастайды. Көпшілігі жағдай жақсарады немесе төмендейді деп санайды. Бұл туралы «Санкт-Петербор» әлеуметтік ақпарат агенттігінің мәліметтерінде келтірілген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әлеуметтанушылар респонденттердің өз отбасының қаржы жағдайын бағалауды, сондай-ақ таяу болашаққа болжам жасауды сұраған. Оның нәтижесі бойынша жұмыс мәселесіне 44,8%-ы оңды жауап қайырған, ал 40,3 пайызы нашар болады деп есептейді.Сұрау салынғандардың 41,3 пайызы отбасындағы жағдайды жақсы деп бағалайды, ал 44,6 пайызы оны нашар болады деп санайды. Оңды жауап қайтарғандардың көпшілігі 18 бен 34 жастың арасындағылар екенін атап көрсету қажет.Респонденттердің 32 пайызы таяудағы 12 айда экономикалық жағдай түзелетініне үміттенеді, 36 пайызы нашарлайды деп жауап қайтарған. . Петерборлықтардың басым бөлігі әлемдік экономикада да оң өзгерістерге үміт артады. Алайда олар мұндай оң өзгерістердің таяу уақыттары Еуропада орын алатынына оншалықты сене қоймайды.Нева жағалауындағы қала тұрғындары ең өзекті проблемалардың арасында бағаның өсуін, жалпы экономикалық жағдайды, жұмыссыздық пен қылмысты атады.Зерттеудің жетекшісі Роман Могилевскийдің атап айтқанындай, экономикалық дағдарыс жағдайында Петербор тұрғындарының көңіл-күйлері жалпы алғанда, басқа қала тұрғындарына қарағанда айтарлықтай жақсы.«Жағымды көңіл-күй көшбасшылығын сақтауға адамдардың айтарлықтай ширақтығы мен түрлі салаларда еңбек ету мүмкіндігі себеп болып отыр», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар