Ардагерлерді соғыс және тылдағы деп бөлуге болмайды - генерал Мұрат Қалматаев

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ардагерлерді бір-бірінен соғыс және тылдағы деп бөлуге болмайды.
Оны ҚР Генералдар Кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Қалматаев Алматыда өткен Жеңіс мерекесі кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен өз басым бұл күнді Отан үшін құрбан болғандарды еске алу күні деп есептеймін. Онда миллиондаған адам жанын қиды. Сол соғыста елімізді қорғап қалған ардагерлерге біз әрдайым бас иеміз. Өкінішке орай қоғамда ардагерлерге деген көзқарас әлі жеткіліксіз. Ардагерлерді соғыс және еңбек ардагері деп бөлеміз. Егер еңбек ардагері болмаса, тыл болмаса біз қалай соғысар едік. Олар армияны киім-кешек, тамақпен қамтамасыз етті. Қазір жергілікті бір облыстың әкімі тыл ардагерлерін қоғамдық көлікте тегін жүргізсе бәріміз қызыға қарайтын болдық. Оны әкім емес үкімет жасауы керек. Әкімнің жақсы болғаны бүкіл мәселені шешпейді», - дейді «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі Мұрат Қалматаев. Ауған соғысының ардагерінің айтуынша, ардагерлердің саны қазір күн сайын сиреп келе жатыр. Сондықтан оларды мереке кезінде ғана іздемей, әрдайым үлгі-өнеге тұтып төбеге көтерсе де артық емес. «Мына орден-медальдарды азаматтармыз енді соғыста емес спорт, ғылым, әдебиет сияқты салаларда алсын. Соғыстың соңғы қатысушылары - біз ауған соғысының ардагерлері болайық», - дейді қазақстандықтарға ізгі тілегін білдірген генерал Мұрат Қалматев.
Соңғы жаңалықтар
telegram