Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ардагерлерге ең қомақты бір реттік жәрдемақы Қазақстанда берілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ҰОС ардагерлеріне бір реттік ақшалай жәрдемақы беру бойынша Қазақстан топ бастап тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА currenttime.tv сайтына сілтемемен хабарлайды.

Ардагерлерге ең қомақты бір реттік жәрдемақы Қазақстанда берілген

Телеарна мәліметі бойынша, әр қазақстандық ардагерге $1570 берілген. Бұл Ресейдегі ардагерлер алған бір реттік жәрдемақыдан 10 еседей көп. Айта кетейік, был РФ ардагерлеріне 171 доллардан берілген. Бұл тізімде 7-ші орынды иеленіп отырған көрсеткіш.

Тізімнің ең соңында Украина мен Түрікменстан тұр. Онда ҰОС ардагерлері $45 және $26 көлемінде жәрдемақы алған.

Ал екінші орынды Әзербайжан иеленген. Бұл елде соғыс ардагерлері $600 алған. Үздік үштікті Тәжікстан түйіндеген - 340$.

Толық тізім төмендегідей: