Ардагерлерге және қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне тағзыммен - Жамбыл облысы ІІД
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ата заңымыздың 15 жылдық мерейтойының қарсаңында Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінде мерекелік шаралар, марапаттау рәсімдері, ардагерлермен, қызметтік борыштарын атқару кезінде қаза тапқан офицерлердің жесірлерімен кездесулер өтті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Департменттің баспасөз қызметінің жетекшісі полиция полковнигі Роза Қалдыбекованың айтуынша, ведомствоның көзге түскен қызметкерлеріне 200-ден астам ынталандыру сыйлықтары мен наградалар табыс етілді.
Полиция бөлімдерінде де мерекелік және қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. «Департаменттің №1 полиция бөлімінің қызметкерлері қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларында болды және оларға материалдық көмектер көрсетті», - дейді полиция полковнигі.
«Өкінішке орай, ажал арамыздан жақсы адамдарды алып кетіп жатады, өмірдің заңы солай. Олардың жесірлері мен балаларын әкелері мен шешелерін жұбататын сөздерді табу өте қиын. Сондықтан да біз олардың отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің шешілуін, балалардың демалыстарының ұйымдастырылу мәселелерін өз назарымызда ұстауға тырысамыз», -дейді Тараз Ішкі істер басқармасы №1 полиция бөлімі бастығының орынбасары Геннадий Несин.
Аталыш полиция бөлімінің қызметкерлері былтыр қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған майор Ғалым Тлендиевтің отбасында болып, марқұмның артында қалған төрт баласына және жары Нұрсұлуға материалдық көмек табыс етті.