09:54, 06 Қазан 2013 | GMT +5
Аргентина президенті денсаулығына байланысты уақытша қызметін атқаруды тоқтатады
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Аргентина президенті Кристина Фернандес де Киршнер денсаулық жағдайына байланысты уақытша мемлекет басшысы міндеттерін орындауды тоқтатады. Бұл туралы РБК Аргентина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Президент маңайындағы дереккөздің айтуынша, қазіргі кезде К.Фернандес де Киршнер кардиохирургиялық медицина орталығында тексеруден өтуде.
2012 жылы К.Фернандес де Киршнерде қалқанша безінің қатерлі ісігі анықталып, оны алып тастау бойынша операция жасалған болатын. Кейіннен дәрігерлер диагноздың дұрыс қойылмағанын, Аргентина президенті қалқанша безі қатерлі ісігі дертіне ұшырамағаны туралы хабарлады.