Аргентинада су тасқыны салдарынан 7500-ден астам адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Аргентинаның шығысында, Буэнос-Айрес провинциясында үш күннен бері нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны жалғасуда, деп хабарлайды DW.

Шенеуніктер жексенбі күні ауданда бір шаршы метрге 400 мм-ге дейін жауын-шашын түскенін, айлық норма орташа есеппен 45 мм болғанын айтты. Метеорологтардың болжауынша, жауын-шашын және екпінді жел жалғасады.
7500-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлады жергілікті билік. 300-ге жуық өрт сөндіруші, азаматтық қорғаныс күштері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Адамдарды құтқару үшін олар резеңке қайықтарды қоса алғанда, қолда бар барлық су көлігін пайдаланып жатыр.
Табиғат апатынан Кампана мен Сарате қалалары зардап шекті. Сонымен қатар, Буэнос-Айрестің маңындағы кейбір аудандар, тас жолдар мен ауылшаруашылық жерлері су астында қалды. Кампанада бірнеше отбасы түннің бір бөлігін су басқан үйлерінің төбесінде өткізді. 44 жолаушы мінген автобус мемлект астанасын елдің ішкі аймақтарымен байланыстыратын жолдардың бірінде 10 сағаттан астам тұрып қалған.
Буэнос-Айрес провинциясының губернаторы Аксель Кисильоф ауа райының алапат аномалиясына климаттың өзгеруі себеп болғанын айтты.
Еске сала кетейік, Аргентинада Гитлердің қолы қойылған құжаттар табылды.