Археологиялық жұмыстарға лицензия беру тетіктері күшейтіледі

Археология
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Археологиялық жұмыстарға лицензия беру тетіктері күшейтіледі. Бұл жайында Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

«Президенттің Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» үшінші отырысында берген тапсырмасына орай қазіргі уақытта Парламент Мәжілісі депутаттарымен бірлесіп, археология саласындағы мәселелерге қатысты қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар істелініп жатыр. Осы іс-шаралардың аясында археологиялық жұмыстардың атауларын бөліп-жарып нақтылау, археологиялық жұмыстарға лицензия беру тетіктерін күшейту, археологиялық олжаларды сақтауға қатысты нормаларды жетілдіру қарастырылуда», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Соңғы жаңалықтар