Археологтар Еуропадағы жаппай каннибализмнің іздерін анықтады

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Археологтарға қазіргі Германияның оңтүстік-батысында бұдан 7000 жыл бұрын каннибализмнің қолданылғанын дәлелдейтін айғақты анықтаудың сәті түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап.

2005 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта жүргізілген қазба жұмыстарының аясында ғалымдар 500-ден астам каннибалдар құрбандарының қалдықтарын тапты. Атап айтқанда, сүйектердің зақымдану ерекшеліктері, сондай-ақ тістердің іздері олардың барлығы да адамдардың жегенін көрсетеді. Сүйектердің ішінде әйелдердің де, балалардың да  қаңқаларының қалдықтары болған.

Сонымен қатар, ғалымдарға сүйектердің термикалық өңдеуден өткенін анықтаудың сәті түсті. Зерттеушілердің айтуынша, оларда отқа істікпен қақталған жануарлар сүйектеріне ұқсас іздер бар.

Қазіргі Еуропа аумағында тіршілік еткен тайпалардың ашаршылық жылдары каннибализмді қолдануы әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар