Археологтар Каирдің жанынан ежелгі екі қабірді тапты

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Каирдің оңтүстігіне қарай бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан мысырлық Саккара елді мекенінен археологтар бұған дейін белгісіз болып келген ежелгі екі қабірді тапты. Олардың жасы шамамен 2,5 мың жылды құрайды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Мысырлық сарапшылардың айтуынша, табылған қабірлердің бірі ақшыл топырақты төбешікке ойып жасалған бөлмеден тұрады. Бұл Саккарада бұған дейін табылғандарының ішіндегі ең үлкені болып отыр. Зерттеушілер ішінен мумияланған қыранды, қаңқаларды және қыш бұйымдарды тапты.

Мысырдың көне жәдігерлер істері жөніндегі Жоғарғы кеңесінің басшысы Захи Хавастың айтуынша, бұл мәйітхана өзінің қазылған сәтінен бастап бірнеше рет пайдаланылған. Ол Рим империясының құлдырауы кезеңінде мұнда қарақшылар бас сұққан деген жорамалды айтты.

Археолог бұл жаңалықтың Ежелгі Египет астанасының некрополы - Мемфиса орналасқан Саккара елді мекені, ұзақ зерттелу тарихына қарамастан, әлі күнге дейін құпияны бүгіп келе жатыр деп болжам жасауға мүмкіндік беретінін айтады.

Соңғы жаңалықтар