Арыста газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Арыста газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті. Денесін күйік шалған екі адамның да жағдайы ауыр. 

өрт
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Арыс қаласындағы Қазыбек би көшесінде орналасқан үш бірдей коммерциялық нысан өртке оранды.

өрт
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Салдарынан 50 литр газ балоны жарылып, екі адамның денесін күйік шалды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен соң, наубайхана ішінен тағы 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

өрт
Фото: Түркістан облысы ТЖД

«Бір қабатты шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкенді өрт шалды. 40 жастағы ер адам денесінің 65-70 пайызын күйік шалса, 36 жастағы екінші адам 25-30 пайыз күйіп қалған. Қазір екі зардап шегуші де орталық ауруханаға жатқызылды» делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар