Арыстағы жарылыс: 40 жастағы өзбекстандық әйел қайтыс болды

өрт
Фото: Түркістан облысы ТЖД

АРЫС. KAZINFORM — Наубайханада 5 газ балоны болған.

Наубайханада болған өрт салдарынан өзбекстандық әйел қайтыс болды.

Ал, екінші ер адамның жағдайы ауыр. Денесінің 25-30 пайызын күйік шалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«Екі Өзбекстан азаматы ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Денесінің 90 пайызы күйіп қалған 40 жастағы әйел адам көз жұмды», — деді Арыс аудандық ауруханасының дәрігер-хирургі Талғат Тажиметов.

Жалпы наубайханада 5 газ балоны болған. Бір балон өрт сөндірушілер келгенше жарылып кеткен.

Ал, төртеуін төтенше жағдай қызметкерлері қауіпсіз жерге алып шықты.

Айта кетейік, бүгін Арыста газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram