Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Арқалықта қосымша 2,7 мың адам жұмысқа орналастырылады

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Арқалық қаласының билік органдары «жол картасы» ауқымында 2760 адамды қосымша жұмысқа орналастырмақ,

Арқалықта қосымша 2,7 мың адам жұмысқа орналастырылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің атап өткеніндей, бүгінде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 1052 адам еңбекпен қамтамасыз етілді. «Біздің жоспарымыз бірнеше бағытты: тұрақты, уақытша және әлеуметтік жұмыс орындарын құруды көздейді. Олар жұмысшы кадрларын қайта оқыту және қайта даярлау арқасында жұмысқа ие болады. Бұл шараға 17,7 млн. теңгеге тарта қаржы жұмсалады. Оның 14,7 млн. теңгесі ? бюджет қаражаты, ал 3 млн. теңгені «Агроинтерқұс» ЖШС өз кадрларын даярлауға бөліп отыр», - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы М.Сүлейменов. Арқалықта қосымша 208 уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 6 млн. теңге бөлінді.