11:25, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
«Арқанкергенде» өлтірілген Р. Ақылбаевтың атасы әскери бөлімшеден 30 млн. теңге өндіріп алмақ
ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өзінің 14 қызметтесін және «Тау Тас» аңшылық шаруашылығының қорықшысын өлтірді деген айып тағылып отырған Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот қарауы өтіп жатқан Талдықорған қалалық сотында бүгін,

қайтыс болған шекарашылардың бірінің туысы бұған дейін болып көрмеген өтініш түсірді.
«Арқанкерген» шекара қосынында өлтірілген Рүстем Ақылбаевтың атасы - Ахметжан Шодабаев немересі Владислав Челахпен бірге әскери борышын өтеген 2482 әскери бөлімшесінен 30 млн. теңге өндіріп алуды көздеп отыр. Судья талап-арыз ашық күйінде қалатындығын мәлім етті.