14:18, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Арканзас штатында жасөспірім саябақтан 7,44 карат алмас тауып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Арканзас штатында мектепте оқитын Калел Лэнгфорд асыл тастар саябағынан 7,44 карат жақұт тасын тауып алды.
Бұл туралы бейсенбі күні туристік нысанның ресми сайтында хабарланды.
Жасөспірім ата-анасымен бірге кез келген адамға алмас іздеуге рұқсат етілген «Алмас кратері» саябағына келген. 14 жастағы Лэнгфорд бұлақ маңынан қоңыр түсті жылтыраған тас тауып алды. Парк мамандары мектеп оқушысының шын мәнінде бағалы тас тапқанын анықтады. Лэнгфорд тапқан алмас куб пішіндес, бұршақ дәнінен сәл ғана үлкен. Бұл парктен табылған ең ірі тастардың үздік ондығына енеді.