12:50, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Арктика мұздақтары барынша жылдам еруде
АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Ғалымдар кең көлемді зерттеу жүргізгеннен кейін Арктика мұздақтарының күтілгеннен барынша жылдам еріп отырғанын мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдар егер қарқын осы күйі сақталатын болса, әлемдік мұхиттың деңгейі XXI ғасырда 1,4 метрге көтерілетінін айтады, ол БҰҰ-дың есебі бойынша екі есе көп.