Арктикадағы мұздың еруі баяулады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұзды құрлықтан көңіл көншітерлік жаңалық келіп жетті. Арктикадағы мұзды қабаттың көлемі бұрынғысынан артты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы мәлімдеген ғалымдар мұздың еруі 2013 жылғы салқын жаздың салдарынан бәсеңдегенін айтты. Ал оған дейін Жер бетінің ең суық бөлігінде мұз қатарынан 3 жыл бойы еріген екен. Мамандардың айтуынша, соңғы 30 жылда Арктикада ауа температурасы ғаламшардың өзге жерлеріне қарағанда жоғарырақ көтеріліп, мұз қабаты 40%-ға кеміген. Енді ғалымдарды теңіздегі мұздың азаюы толғандыруда, деп жазады informing.ru.

Соңғы жаңалықтар
telegram