«Арланның» жанкүйерлері сүйікті командасын қошеметпен қарсы алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан тарихында тұңғыш рет Құрлық кубогын иеленіп, елге оралған Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубын жанкүйерлері құжақ жая қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Астана әуежайында ұйымдастырылған шарада Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев пен Қазақстан хоккей федерациясының төрағасы Андрей Сачук сөз сөйлеп, «Арлан» хоккей клубының ұжымын жеңістерімен құттықтады.

«Бұл - отандық хоккей үшін үлкен жеңіс. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сіздер тамаша ойын өрнегі арқылы жанкүйерлеріңізге үлкен сый жасадыңыздар», - деді Қазақстан хоккей федерациясының төрағасы.

Өз кезегінде «Арлан» ойыншылары да бұл жарысқа жауапкершілікпен дайындалғандарын айтты.

«Жарыстың оңай болмайтынын о бастан білдік. Командалардың барлығы мықты, ойыншылары тәжірибелі еді. Сондықтан, тыңғылықты дайындалдық. Бізге қолдау білдіргендеріңіз үшін ұжым атынан алғысымды білдіремін», - деді турнирдің ең үздік ойыншысы атанған «Арлан» хоккей клубының шабуылшысы Евгений Гасников.
null

Шара барысында «арландықтардың» құрметіне шағын флешмоб ұйымдастырылып, жанкүйерлер сүйікті командасымен естелік суретке түсті.

Еске сала кетейік, жақында Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубоктің иегері атанған болатын. «Арлан» соңғы шешуші матчта алаң иелері - жергілікті «Белфаст Джайантс» командасын буллиттен 3:2 Б (2:0, 0:0, 0:2, 0:0, 1:0) есебімен ұтты.

Соңғы жаңалықтар