«Арман» командасы жағажай футболынан Қазақстан чемпионы атанды
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Павлодар облысының «Арман» командасы жағажай футболынан 2009 жылғы Қазақстан чемпионы атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, биылғы маусымда футболлдың осы түрінен ел біріншілігінде бас жүлде үшін барлығы алты команда таласқан. Нәтижесінде «Арман» клубы қарсыластарына дес бермей, қатарынан екінші жыл ел чемпионы атанды. Алматы облысы Қапшағай қаласының «Барыс» командасы - күміс, ал Алматы қаласының «Кристалл» командасы қола жүлдені қанжығаларына байлады. Одан кейінгі орындарды Алматының «Қайрат», Аягөздің «Елсана» және Қапшағайдың «Сарбаздар» командалары иеленді.