Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Арман Қырықбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып Арман Қырықбаев тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Арман Қырықбаев  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының түлегі.

«Әр жылдары дипломатиялық лауазымдарда, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. 2012 жылдан 2013 жылдары аралығында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымын атқарған» делінген хабарламада.