Армения 1 ақпаннан ЕЭК алқасына төрағалық етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕЭК төрағалығы 1 ақпаннан бастап Арменияға ауысады.

Армения 1 ақпаннан ЕЭК алқасына төрағалық етеді

Бұл туралы Бурабай курорттық аймағында былтыр 16 қазанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко хабарлады. «Келесі жылы 1 ақпаннан бастап Армения Еуразиялық экономикалық комиссияға төрағалық етеді деп шештік», - деп мәлімдеді ол.

Бұдан басқа, 1 ақпаннан бастап ЕЭК Арменияның бұрынғы премьер-министрі Тигран Саргасян басқаратыны туралы шешім қабылданды.

Тигран Саргсян ЕЭК Алқасының төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін АҚШ-тағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі болған. Бұдан бұрын ол Армения Премьер-Министрі болды.