Армения мен Ресейден елге әкелінген көліктер жаппай тіркеледі

«Армения мен Ресейден келетін көліктер бойынша мәселе - шынында да, өте маңызды сұрақ. Біздің ақпараттық жүйелерде ол көліктер тіркелмеген. Біз оларды әкімшілік жауапкершілікке тарта алмаймыз. Бірақ, бұл бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатыр. Камералар бойынша алдағы уақытта барлық көліктер тіркелетін болады. Содан кейін біз оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз», - деді Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру жиынынан кейін тілшілердің сұрағына берген жауабында.
Еске сала кетсек, осы жылдың басында Парламент Сенатының жалпы отырысында бір топ депутат соңғы кезде еліміз аумағына Ресей, Армения, Қырғызстан елдерінен көптеп жеткізіліп жатқан ескі көліктерге қатысты мәселені көтерген болатын. Депутаттардың айтуынша, аталмыш елдерден сатып әкелініп жатқан ескі көліктер еш жерде тіркелмей, жол ережесін бұзуға әбден әуестеніп кеткені халықты және құқық қорғау органдарын әбігерге салуда.