Армения Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының түпкілікті нәтижеcін жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — Арменияның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады. Нәтижесінде «Азаматтық келісім» партиясы жаңа үкімет құру мүмкіндігіне ие болды, деп Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі жазды.
Армения ОСК мәліметінше, сайлауға 1 миллион 476 мың 769 адам қатысқан. Бұл жалпы сайлаушылар санының 58,9 пайызын құрайды.
Дауыс берудің түпкілікті нәтижесіне сәйкес, Ұлттық жиналысқа келесі саяси күштер өтті:
-
«Азаматтық келісім» партиясы – 49,745%;
-
«Күшті Армения» блогы – 23,271%;
-
«Армения» блогы – 9,923%.
Ал «Гүлденген Армения» партиясы дауыстарды қайта санау қорытындысы бойынша 3,989 пайыз дауыс жинап, парламентке өту үшін белгіленген 4 пайыздық сайлау межесінен өте алмады.
Еске салсақ, Арменияда парламент сайлауы 7 маусым күні өтті. Алдын ала қорытындылар бойынша елдің премьер-министрі Никол Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жеткен болатын.