Шанхай мен Алматы достас қала атанды
АСТАНА. KAZINFORM - «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Шанхай мен Қазақстанның Алматы қаласы достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойып, ресми түрде достас қалаға айналды, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті».

Осы уақытқа дейін Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы дос қалалардың саны 100-ден асты. Жоба саммит нәтижелерінің тізіміне енгізіліп, жарияланды. Екі қала шілде айынан бастап тікелей рейстерді іске қосады.
Орталық Азия мен Қытай арасындағы тауар айналымы 5 айда рекордтық деңгейге жетті.
Қаңтар мен мамыр аралығында Қытай мен Орталық Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сияқты бес елінің импорт және экспортының көлемі 10%-ға өсіп, 39,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш саналады.