Армениядағы парламент сайлауына сайлаушылардың 58,97 пайызы қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Арменияда өткен парламент сайлауында дауыс беру құқығына ие 2 млн 503 мың 976 азаматтың 1 млн 476 мың 597-сі дауыс беріп, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 58,97 пайызды құрады, деп хабарлайды Armenpress.

Армениядағы парламент сайлауына сайлаушылардың 58,97 пайызы қатысты
Фото: Armenpress

Бұл туралы Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян мәлімдеді.

Ереван қаласында дауыс беру құқығына ие 849 мың 488 азаматтың 496 мың 643-і сайлауға қатысқан. Бұл – 58,46 пайыз.

Өңірлер бойынша сайлаушылар белсенділігі мынадай болды:

– Арагацотн облысы – 61,70 пайыз;

– Арарат облысы – 59,87 пайыз;

– Армавир облысы – 55,80 пайыз;

– Гегаркуник облысы – 54,60 пайыз;

– Лори облысы – 58,59 пайыз;

– Котайк облысы – 61,66 пайыз;

– Ширак облысы – 55,46 пайыз;

– Сюник облысы – 66,67 пайыз;

– Вайоц Дзор облысы – 65,63 пайыз;

– Тавуш облысы – 63,40 пайыз.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ең жоғары белсенділік Сюник облысында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Гегаркуник облысында байқалған.

Айта кетейік, бұған дейін Арменияда парламент сайлауы өтіп жатқаны хабарланған болатын.