Армениялық байқаушылар Қазақстандағы сайлаудың ойдағыдай өтуіне тілектес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Лаура Галстянмен кездесті.
None
None

В.Фоос кездесуге қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Л.Галстян ханым сайлау заңнамасының партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу тәртібін, саяси партиялардың сайлауалды үгітін қаржыландыруды реттейтін жекелеген ережелерімен егжей-тегжейлі танысуға қызығушылық танытты.

Кездесу соңында Л. Галстян шақыру үшін ризашылығын білдіріп, сайлаудың ойдағыдай өтуін тіледі.

«Біз Астана қаласының бірқатар сайлау учаскелеріне баруды, осындай маңызды сайлауды өткізу үшін Конституцияға және республиканың сайлау заңнамасына сәйкес жасалған жағдайлармен танысуды жоспарлап отырмыз» - деді Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар