«Арна Медиа» холдингі УЕФА чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасы матчтарын трансляциялауға арналған эксклюзивті құқықты сатып алды

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі «Қазақстан», «Хабар» және «Ел арна» ұлттық телеарналарында УЕФА чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасы матчтарын трансляциялауға арналған эксклюзивті құқықты сатып алды.

 «Арна Медиа» холдингі УЕФА чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасы матчтарын трансляциялауға арналған эксклюзивті құқықты сатып алды

УЕФА-мен үш жылға жасасқан шарт қазақстандық футбол жанкүйерлеріне Еуропаның үздік футбол клубтарының барынша толық матчтарын тамашалауға мүмкіндік береді. 2009/2010 жылғы футбол маусымының басынан аяғына дейін жанкүйерлер «Ливерпуль», «Арсенал», «Челси», «Реал Мадрид», «Ювентус» және «Милан» сияқты командалардың ойындарын көре алады.

2009 жылғы қыркүйектің 15-інен бастап ұлттық телеарналар көрермендердің назарына «Барселона» және «Манчестер Юнайтед» сияқты даңқты командалардың кездесулерін ұсынатын болады.