«Арна Медиа» холдингінде сапа менеджментінің жүйесін (ISO: 9001 стандарты) енгізу бойынша жоба аяқталды

Бұл сертификат холдингте қолданылып отырған сапа менеджменті жүйесін мынадай үдерістерге: «отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін еншілес компанияларды басқарудың» ISO 9001 мемлекеттік және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растайды.
Сапа менеджментінің жүйесі - ұйымдағы басқарудың тиімділігін арттырудың маңызды құралды. «Сапа» деген ұғымның өзі өнімнің немесе қызметтердің сапасына қарағанда айтарлықтай жоғары. Сапа компания құрылымдарының айқындылығын, әрбір қызметкердің өз міндеттерін дәл түсінуін, ұйым ішіндегі тиімді өзара іс-қимылды талап етеді.
«Арна Медиа» компаниясы тобына сапа менеджментінің жүйесін енгізу бәсекелестік қабілетін, инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ отандық және шетелдік рыноктарда ұйымның беделін нығайтуға бағытталған.