«Арселор Миттал Теміртау» өндірістік жарақат оқиғаларын тұрмыстық жағдайларға ауыстырып жасыруда - депутат А. Бекенов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Арселор Миттал Теміртау» шахталарындағы өндірістік жарақаттар тұрмыстық оқиғалармен жасырылып жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің кеңейтілген біріккен отырысында депутат Асхат Бекенов мәлім етті.
None
None

«Жүргізген талдауға қарағанда, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметі бойынша 2014 жылы 2006 адам өндірістік жарақат алып, 334 адам қаза болған. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша аталған мерзімде 2 136 адам өндірістік жарақат алып, оның 263-і қайтыс болған. Жарақат алғандар саны 130-ға артық, ал қаза табу оқиғасы 71 адамға кем», - деді А. Бекенов.

Осы орайда депутат түрлі ведомстволардың мәліметтері сәйкеспейтіндігін атап өтті. Сонымен қатар өңірлер бойынша да өндірістік жарақат алу статистикасының деректері сәйкес келмей отырған көрінеді.

Оның айтуынша, өндірісте жарақат алу көрсеткіштерінің төмендеуіне аталған фактілерді жасыру әсер етуде. Мәселен, «Арселор Миттал» компаниясында кәсіпорындарында болған жазатайым оқиғалар тұрмыстық жағдайлар санатына ауыстыру арқылы жасырылады.

2013 жылы «Арселор Миттал Теміртау» шахталары өндірісінде 20 жазатайым оқиға орын алса, шахталардың денсаулық пунктерінде тұрмыстық жарақаттардың 1 077 оқиғасы тіркелген екен. 2014 жылы өндірістік 19 жарақат тіркелсе, тұрмыстық 986 оқиға орын алды.

Соңғы жаңалықтар