"АрселорМиттал Ақтау» компаниясы Алматы облысын газдандырғаны үшін «Қазақстанды дамытудағы жыл жобасы» марапатына ие болды

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - «Арселор Миттал Ақтау» компаниясы Алматы облысын газдандыру бойынша кешенді бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті мекендерді жоғары деңгейде қамтамасыз еткені үшін "The Oil and Gas Year" мекемесінің «Қазақстанды қамтамасыз ету бойынша жыл жобасы» марапатына ие болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

«The Oil and Gas Year» марапаты Латын Америкасынан Таяу Шығысқа дейін, Африкадан Азияға дейінгі нарықтағы үздік тұлғалар мен оқиғаларды мойындату мақсатында құрылған. Бұл марапат - Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндірісін дамытып жүрген компанияларды ерекшелеп, ынталандырудың әдісі.

«Арселор Митталдың» қызметкерлер тобы «Алматы-Байсерке-Талғар» жобасы бойынша үш жыл жұмыс жасады. Еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымыз. «Арселор Миттал Теміртаумен» тиімді серіктестіктің арқасында осы газ тасымалдау жобасына қазақстандық құбырмен қамтамасыз етуде жұмысты 90 пайызға артық орындадық», - деді "АрселорМиттал Ақтау" компаниясының бас директоры Жеңіс Өтегенов.

«Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының құрылысы Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірегей жобаға айналды. Өйткені мұнда бірінші рет магистральды газ құбырын салу үшін Қазақстанда өндірілген құбырлар қолданылды.

Соңғы жаңалықтар