«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қарағанды облысының әкімдігімен жасасқан меморандум бойынша әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды 1,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтады
Қарағанды облысының әкімдігімен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы меморандумға қол қою жұма күні, ақпанның 26-да, Теміртау қаласында қалалық әкімдік активінің отырысында өтті.
Атап айтқанда, меморандумға сай компания Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай ардагерлерге 50 мың теңгеден төлейді және материалдық көмектің жалпы сомасы 25 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 100 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Қарағанды облысында орналасқан «Жартас» корпоративті санаторийінде демалу және емделу үшін тегін жолдамалар береді.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жауапты міндеттерді - қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік қызметтермен және дамыған инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді алға қойды. Оны шешуде тек жергілікті органдар ғана емес, ірі кәсіпорындар да қатысуы тиіс», - деді Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов меморандумға қол қою рәсімінде компанияның басшылығына әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып.