«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Үкіметпен жұмысты үйлестіру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры тағайындалды

«Н.Рыспеков жаңа қызметіне 2012 жылдың 14 мамырында кіріседі. Ол «АрселорМитталдың» Қазақстандағы кәсіпорындарының бас директоры Виджай Махадеванға бағынады», - делінеді компанияның ресми хабарламасында.
Ақпаратқа сүйенетін болсақ, тағайындалған директор компанияның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарымен байланыстарын орнату және өзара әрекеттестікті үйлестіру, ҚР мемлекеттік орандарында «АрселорМитталдың» барлық компаниялары тобының мүдделерін көрсетумен, компанияның әлеуметтік саясатын іске асырумен айналысады.
Н.Рыспеков 41 жаста. Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын «тау өнеркәсібі мен геологиялық барлау салаларындағы экономика және жоспарлау» мамандығы бойынша, сондай-ақ ҚР Президентінің Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) іскерлік әкімшелендіру магистрі дәрежесімен аяқтаған. 1997 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істеп келеді. Бас директордың көмекшісі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Үкіметпен байланыс жөніндегі жетекшісі, «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясының корпоративтік хатшысы қызметтерін атқарған. Бұл тағайындауға дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Үкіметпен жұмысты үйлестіру жөніндегі директоры болып жұмыс істеген.