Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өңірдің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға 1 миллиард теңге салмақ

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мен Қарағанды облысының басшылығы арасында өңірдегі бірқатар әлеуметтік жобаларды қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізілді,

«АрселорМиттал Теміртау»  компаниясы   өңірдің  әлеуметтік  жобаларын  жүзеге асыруға  1 миллиард теңге салмақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз облыс әкімі Нұрлан Нығматулинмен сәуір айының аяғында қол қоюды жоспарлап отырған меморандумның жобасын талқыладық», деп хабарлады журналистермен болған кездесуде «АрселорМиттал» вице-президенті, Қазақстандағы «АрселорМиттал» акционерлік қоғамының бас директоры Франк Паннир. Оның айтуынша, ағымдағы жылы аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға компания 1 миллиард теңге салады. Бұл қаражат Қарағанды, Теміртау және кеншілер қалашықтарындағы жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ. Атап айтқанда, компания «Шахтер» футбол командасын қаржыландыруды жалғастырады, спорттық нысандарды жаңартуға қаржы бөлмек. «Сондай-ақ Теміртаудағы трамвай паркінің базасын жақсартуға да инвестиция салу ойда бар», - дейді Ф.Паннир мырза.Дейтұрғанмен, кәсіпорындағы экономикалық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. «Біз әлі күнге дейін өз қуатымыздың 80 пайызына ғана жұмыс істеудеміз Соған қарамастан барлық жұмысшыларды еңбекпен толық қамтып отырмыз. Өнімдердің өзіндік құнын шектеу жөніндегі шаралар жалғастырылуда, оған қоса бірқатар жұмысшылар үшін қысқартылған жұмыс режімі сақталуда», - дейді Ф.Паннир мырза.