«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин атындағы шахтасында жұмысшы опат болды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин атындағы шахтасында ақпанның 12-сі, жұма күні қайғылы оқиға орын алды.
None
None

55 жастағы жұмысшы опат болды, деп хабарлады Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға материалдық қойманың аумағында орын алды. КамАЗ көлігінің жүргізушісі артқа қарай жүріп бара жатып, №1 учаскенің кеншісін басып кетеді, зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум