«АрселорМиттал Теміртаудың» металлургтері Елбасының өкілеттігін ұзарту туралы референдумның өткізілуін қолдап отыр
ҚАРАҒАНДЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатының еңбек ұжымы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы жалпыхалықтың референдумның өткізілуін қолдаған бастамаға жүз пайыз қол қойды.
Бұл туралы компания өкілдері бүгін комбинат цехында өткен қол жинау акциясының барысында мәлім етті.
«АрселорМитталда» референдумды қолдау жөніндегі белсенді жұмыстардың барысында 18 мыңға жуық қол жиналып отыр. Тек комбинат қызметкерлері ғана емес, олардың отбасыларының мүшелері де өз дауыстарын беріп отыр»,- деді компанияның өндіріс жөніндегі директоры Виктор Адякин.