«Арсенал» - «Қайрат» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турында «Арсенал» (Англия) - «Қайрат» (Қазақстан) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.
Алғашқы минуттан англиялық клуб ойын тізгінін қолға ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Виктор Дьёкереш 2-минутта есеп ашқан еді. Оған 7-минутта алматылық клубтан Жоржиньо пенальти арқылы бір голмен жауап берді. Оны лондондық команда қорғаушылары өз алаңында шалып жықққан болатын.
Одан кейін де англиялық клуб қайтадан шабуылды үдете түсті. Лондондық клубтан Кай Хаверц 15, Габриэл Мартинелли 33-минутта мергендік танытты.
Бірінші кезеңнен кейін «Қайрат» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп жатыр.
Айта кетсек, «Арсенал» сапынан бүгін жарақатына байланысты қорғаушылар Уильям Салиба мен Юрриен Тимбердің алдағы кездесуге қатысудан тыс қалып отыр. Олардың орнын қосалқы құрамнан жас футболшылар басуы ықтимал.
Сондай-ақ бүгін жанкүйерлер Микель Мерино мен Деклан Райстың ойынын тамашалай алмайды. Олар негізгі кезеңдегі жеті кездесуде үш мәрте сары қағаз алып үлгерген еді.
Ал «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаев пен Азамат Тұяқбаев жарақатына байланысты командамен Лондонға келген жоқ.