10:55, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Аршалы аудандық сотының шешімімен кінәлі жүргізуші үш жылға бас бостандығынан айырылды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жангайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы аудандық сотының шешімімен адам өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі Евгений Патрушев ҚР ҚК-сінің 296-шы бабының 2-ші тармағы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аршалы аудандық сотының төрағасы Мұрат Әміровтың айтуынша, оқиға 2008 жылдың тамыз айында Астана-Екатеринбор күре жолының бойында болған. Жылдамдықты шамадан тыс арттырған «Тойота» жеңіл көлігінің жүргізушісі қарсы бетте келе жатқан мотоцилмен соқтығысып, кейінгісі сол жерде мерт болған. Сот шешімімен айыпталушыдан марқұмның зайыбы Галина Храпатаяға 3 миллион 358 мың 500 теңге көлемінде шығынның орнын толтыру жөнінде шешім шығарылды.