Аршалы ауданына Волгодоновка ауылының қариясы 107-нші жылын қарсы алды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданы аумағындағы Волгодновка ауылының қариясы Любовь Андрееваны ауылдастары 107-нші жылымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Ресейдің Тамбов облысы Дуплянка ауылында дүниеге келген Люба жылжып өткен жылдармен есейіп, ер жеткен. Әкесі Василий Васильевич 1914 жылы герман соғысына аттанса, жұбайын 1941 жылы Ұлы Отан соғысына шығарып салады. Өзінің бес баласы мен үш жиенінің бар күтімі өз мойнына түссе де оларды өсіріп, ер жеткізді. 1947 жылы ерлі-зайыпты Андреевтер Қазақстанға, Ақмола облысындағы сол кездегі Вишневка ауданы Волгодоновка ауылына қоныстанады. Мұнда да елмен бірге еңбектеніп, ұлын ұяға, қызын қияға ұшырды. Енді, міне, 15 немересінің, 18 шөбересінің, бес неменесінің қызығын көріп отыр.