Аршалы ауданында өткен жылы 15 мың 440 шаршы метр баспана пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында өткен жылы 15 мың 440 шаршы метр баспана пайдалануға берілді,
None
None
бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Ермек Мыржықбаевтың айтуынша, тұрғын үйлердің барлығы дерлік жекеменшік үй салушылар есебінен бой түзеген. Бұл ретте қаржы көздері бойынша тұрғын үй құрылысына бір миллиард 222,3 миллион теңге инвестиция тартылып отыр. Оның тек 3,7 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылса, қалғаны кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жекелей құрылыс жүргізушілердің үлесіне тиесілі. Жалпы аудан көлемінде 2008 жылы негізгі капиталға екі миллиард 392,3 миллион теңге инвестиция тартылса, оның біржарым миллиард теңгесі құрылыс-құрастыру жұмыстарына жаратылған. Бүгінде өңірде әр елді мекеннің инфрақұрылымын жетілдіру бірінші кезекке қойылып отыр.
Соңғы жаңалықтар