10:07, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Аршалы ауданында «Сапалы су» бағдарламасына 315 миллион теңге қарастырылды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында ағымдағы жылы «Сапалы су» бағдарламасын жалғастыру мақсатында бюджеттен 315 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр, бұл сегіз ауылдың ауызсуға деген сұранымын қанағаттандыруға мүмкіндік береді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудан әкімі Ермек Мыржықбаевтың айтуынша, өткен жылы айтулы іс шараларды жүзеге асыруға орай 288 миллион теңге қаржы игерілген. Нәтижесінде, бүгінгі таңда өңірдегі 35 елді мекеннің 23-інде өзекті мәселе ретке келтірілген. Ағымдағы жылы республикалық қаржы көзі негізінде Байдалы ауылында су құбырын қайта жарақтау қарастырылып, оған 25,3 миллион теңге бөлініп отыр. Оның сыртында Аршалы кентінің сумен қамту жүйесін ретке келтіру ниетімен құжаттар әзірленуде.