08:38, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Аршалы ауданында ұлттық халық санағына қажетті дайындық жасалды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында алдағы Ұлттық халық санағына орай қажетті алғышарттар жасалып, әзірлік іс шаралары тиянақталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.
Ұлттық халық санағын өткізуге ықпалдасу аудандық комиссиясының төрағасы Талғат Мәмбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда тұрғындардың есебін толық алу мақсатында нақтылы картографиялық мәтін жасалынған. Аудан картасы, аудан орталығында үйлердің, елді мекендердің орналасуы қағазға түсіріліп, дайын етілген. Үйлердің, елді мекендер тізімі санақ жүргізу бөлімдеріне табысталған. Аудан бойынша үш санақ бөлімі, 24 нұсқаушы мен 94 учаскелік есептеуші құрылған. Санақ жүргізушілер іріктеліп, білікті мамандармен қамтамасыз етуге ерекше мән беріліп отыр. Көлік, телефон байланысы, арнауылы кеңселер бөлінген. Өңірде 35 елді мекен болса, оларда жобамен 27 мың 200 адам тұрып жатыр.Санақ барысында назар аударар тұстар жан-жақты түсіндіріліп, пысықталды.