Аршалы ауданының спортшылары қысқы спартакиаданың жеңімпазы атанды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бұланды ауданында өткен облыстық қысқы спартакиада қорытындысы бойынша Аршалы ауданының командасы жеңімпаз атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақмола облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының міндетін атқарушы Владимир Светличныйдың айтуынша, 23-ші қысқы спартакиада барысында бәсеке спорттың он түрінен өткізілген. 19 команда, барлығы 600-ге тарта спортшы бақ сынаған.Үш күндік сайыс қорытындысында Атбасар ауданының командасы екінші сатыдан көрінсе, үшінші жүлде Ақкөлден келген қыз-жігіттердің еншісіне бұйырды. Келесі қысқы спорт сайысы Зеренді ауданында өткізілетін болды.
Соңғы жаңалықтар