Артем Захаров велотректен Silk Way Series Astana турнирінде топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада велотректен Silk Way Series Astana халықаралық турнирі жалғасуда. Қазақстандық Артем Захаров «Омниум» бағдарламасында топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz. Silk Way Series Astana

 Артем Захаров велотректен   Silk Way Series Astana турнирінде топ жарды

Жарыстың төрт түрі бойынша 185 ұпай жинаған Захаров өз жеріміздегі додада алтыннан алқа тақты.

Екінші орында тағы бір жерлесіміз Сұлтанмұрат Мірәлиев. Оның еншісінде 171 ұпай бар.

Никита Панасенко пен Роман Василенков тиісінше 8-ші және 13-ші орында.