Аружан Сағындықова Шымкенттегі турнирде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Шымкент ITF W15 турнирінде үздік шықты. 

Аружан Сағындықова
Фото: sports.kz

Қазақстандық спортшы ресейлік Элина Неплиймен бірге финалда турнирдің 1-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова – Анна Урекемен сынға түсті.

Бірінші партияда ресейлік жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте А.Сағындықова – Э.Неплий қарымта қайтарды – 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте матч нүктесін қойды – 10:8.
Тартысты өткен финалдық бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Аньнин (Қытай) ITF M25 жарысының финалына дейін жетті. Ол таилық Вишайя Тронгчароенчайкулмен бірге соңғы бәсекеде ғана Беларусь өкілі Николай Галак – тайбэйлік Йи Джуй Лоға есе жіберді – 6:7 (1:7), 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Шымкенттегі турнирдің финалында ойнайтынын жазған едік.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Германиядағы жарыста камбэкпен финалға өтті.

Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингіде 6-орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар