«Арыс» баспасы облыс кітапханаларына 4,5 млн. теңгенің кітаптарын тарту етті

ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алматыдағы республикалық «Арыс» баспасы (директоры Ғарифолла Әнес) Батыс Қазақстан облысы кітапханаларына 4,5 млн. теңгенің кітаптарын тарту етті,

«Арыс» баспасы облыс кітапханаларына 4,5 млн. теңгенің кітаптарын тарту етті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Роза Исатаеваның айтуынша, мұның басым көпшілігі ? көркем әдебиеттер. Энциклопедиялық, анықтамалық сипаттағы жинақтар да бар. Бұл кітаптар облыс кітапханаларына таратылып берілмек.