Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Арзан» көтерме сауда маркетінің бірден 4 сауда орталығына жарылғыш заттар қойылды деген хабарлама расталмалды

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы «Арзан» көтерме сауда маркетінің бірден 4 сауда орталығына жарылғыш заттар қойылды деген хабарлама алынды.

«Арзан» көтерме сауда маркетінің бірден 4 сауда орталығына жарылғыш заттар қойылды деген хабарлама расталмалды

Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, кеше, шілденің 21-і күні таңертең, қалалық Ішкі істер департаментіне Алатау ауданы Райымбек батыр даңғылы 507 «А», Каблуков көшесі 6, Б.Майлин көшесі 24 және Осипиенко көшесі 30-шы үйлерде орналасқан сауда орталықтарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы анонимді ақпарат келіп түскен.

Анықталғандай, сауда орталықтары «Арзан» көтерме сауда маркетіне тиесілі.

«Жүргізілген арнайы іс-шаралардан кейін жарылғыш заттар табылмады», деп анықтады ТЖМ-нан.