Арзан шыршаға қызығып, ақшаңыздан айырылып қалмаңыз - ІІМ ескертеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Әлеуметтік желілерде бағасы арзан шыршаларды сату туралы хабарламалар пайда болады.

арзан шырша
Фото: ІІМ

ІІМ дерегінше, олар әдемі фотосуреттерді пайдаланып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін «сатушылар» байланысты бірден үзеді.

Полиция ескертеді:

  • Белгісіз немесе жаңадан ашылған парақшалардан тауар сатып алмаңыз;
  • Алдын ала төлем жасаудан, әсіресе жеке банктік карталарға ақша аударудан бас тартыңыз;
  • Пікірлерді, жарияланымдарды және аккаунттың тіркелген күнін мұқият тексеріңіз;
  • Нақты мекенжай мен байланыс нөмірінің бар-жоғын анықтаңыз;
  • Өте төмен баға немесе төлемді жедел жасауға шақыратын ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;
  • Күмән пайда болса, сатып алудан бас тартқан жөн.

Алаяқтар мерекелік әуре-сарсаң мен азаматтардың үнемдеуге деген ұмтылысын пайдаланады. Сондықтан ақшаны алаяқтардан сақтаудың ең тиімді жолы — мұқият болу.

Айта кетейік, Мәжіліс қарауына телефон алаяқтарына тосқауыл қоюға арналған құжат келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар