Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ас тұзын асфальтқа төккені үшін айыпқа тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасы "Көркейту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының көктайғаққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстарына тексеру жүргізіп, экологиялық заңнамалардың өрескел бұзылуына жол берілгенін анықтады,

Ас тұзын асфальтқа төккені үшін айыпқа тартылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Дәлірек айтқанда, "Көркейту" кәсіпорны қысқы маусымда Қызылордадағы көктайғаққа қарсы көшелер мен тротуарларға, қалаға қарасты ауылдардың ішкі жолдарына 250 тонна тұз аралас құм, оның ішінде 30 тонна йодталмаған ас тұзын сепкен. Бұл Қазақстан Республика Экологиялық кодексінің талабына сай келмейді. Өйткені, мұндай жағдайда ас тұзын пайдалануға тыйым салынған. Алайда, коммуналдық кәсіпорын заңды белінен басып, ас тұзын қажеттеріне жаратқан.Тексеру нәтижесімен табиғат қорғау прокуратурасы Арал-Сырдария экология департаментіне заң бұзушылықты жою және заңсыздыққа жол берген тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізді. Ұсыныс қаралғаннан кейін "Көркейту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас инженері Т.Құлмағанбетов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 12730 теңге көлемінде айыппұл салынды. Кәсіпорынға жолға тұз пайдаланбау туралы міндетті нұсқама берілді.