Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әсем ән әуелеген кеш

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Н.Бекежанов атындағы драма театрында ақын, сазгер Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті,

Әсем ән әуелеген кеш
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның ел тәуелсіздігінің 10 жылдығы қарсаңында шығарған, бүгінде бүкіл қазақ даласын шарлап кеткен "Көк тудың желбірегені" әні бүгінде әскери бөлімдерде, мерекелік салтанаттарда шырқалып жүр. Жүректі тулатып, қанды қыздырар патриоттық әуен ең алғаш рет қызылордалық әнші Нұрболат Сейітмұратовтың орындауында бүкіл елге тарады. Шығармашылық кешке облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов қатысып, кеш иесіне игі тілегін арнады. Дәстүр бойынша шапан жауып, құттықтау хат табыс етті. Бұл кештегі концерттік бағдарлама Әкім Ысқақтың жаңа әндерінен түзілді. Бір ерекшелігі, осы күні Сыр сахнасында сазгердің 20 әнінің тұсауы кесілді. "Өмір сені сүйемін", "Елге сәлем", "Бәйтерек туралы ән", тағы басқа туындыларды көрермен жылы қабылдады. Елімізге арынды ақын, қарымды қаламгер ретінде танылған Әкім Ысқақтың "Айтшы, өмір", "Гүл қауызындағы тамшы", "Күн ұлымын" сияқты өлеңдер жинақтары, "Yш жүздің басын қосқан Ордабасым" тарихи танымдық кітабы жарыққа шыққан. Кеште театр әртістері оның өлең, эсселерінен үзінділер оқыды.