Әсем Мамаева - Өскемен аруы атанды

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Өскеменде «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының өңірлік кезеңі өтіп, 2011 жылғы қаланың ең сұлу қызының есімі белгілі болды.
None
None

Шығыстағы басты шаһардың ең сұлу қызы атану үшін сайысқа 18 ару шықты. Олар іріктеу кезеңдері мен сынақтардан сүрінбей өтіп, ақтық сынға жолдама алған болатын.

Финалға шыққан қыздар өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық киімде сән үлгілерін көрсету арқылы сайысқа түсті. Қала әкімдігінің, мәдениет басқармасының өкілдері, тілшілер мен демеушілерден құралған төрешілер алқасының шешімімен 2011 жылғы Өскемен қаласының аруы атағы Әсем Мамаеваға бұйырды. Енді ол Өскемен қаласы атынан 6 желтоқсан күні Алматыда өтетін «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауына қатысады.

Соңғы жаңалықтар